A+ A A-

talgatzhan 48 12-06-2025, 15:00 0

ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шаққан

Бүгін / ШҚО

Зардап шеккендердің кейбірі кене энцефалиті мен Лайм ауруын жұқтырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, маусым айының басында кене шаққан 3460 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 26,4%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. 
- Кененің шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 90%-дан астамы профилактикалық мақсатта кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері кене энцефалитінің зертханалық расталған төрт жағдайы тіркелді: біреуі — Риддерде, екеуі — Катонқарағай ауданында, біреуі — Өскеменде. Сондай-ақ Лайм ауруының клиникалық расталған сегіз жағдайы тіркелді: Алтай, Риддер, Өскемен. Бүгінде эндемиялық аумақтардағы медициналық ұйымдарда зардап шеккендерге профилактикалық көмек көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті мөлшерде бар, - деді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Самар, Үлкен Нарын, Ұлан, Шемонаиха аудандарының аумағы мен Өскмен, Риддер қалаларының маңы - кене энцефалиті бойынша ең қауіпті ошақтардың бірі. Жазғы маусымның басталуымен бірге кене қаупі де арта түседі. Олар тек кене энцефалиті, кене риккетсиозы, Лайм ауруы сияқты жұқпалы ауруларды тасымалдап қана қоймай, созылмалы аурулардың асқынуына, иммунитетті әлсіретіп, аллергиялық және жергілікті жалпы реакциялардың дамуына себеп болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив