Өскемен қаласының маңында мотоцикл жүргізушісі полициядан жасырынуға тырысып, егде жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Прапорщиково ауылындамотоцикл тізгіндеген жас жүргізуші патрульдік полицияның тоқтау туралы талаптарына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Оқиғаның куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп үлгерген.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші жол ережелерін бұзған:
- Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты бақылау кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзған мотоцикл жүргізушісін байқаған. Қызметкерлердің тоқтау туралы талаптарына қарамастан, жылдамдығын арттырып, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.Осылайша, жүргізуші 66 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, — делінген ақпаратта.
Жол апаты салдарынан зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Ал 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-тің 4 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және тәртіп сақшыларының талаптарына бағынуға шақырады.
Пікірлер