A+ A A-

talgatzhan 38 12-06-2025, 15:45 0

ШҚО-да «AMANAT» партиясының фракциясы өзекті мәселелерді көтерді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиын барысында партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, 2023–2024 жылдары толық орындалмаған және 2025 жылы орындалмау қаупі бар көрсеткіштерге бақылау күшейту қажеттілігі көтерілді.

Облыста мектептер, медициналық мекемелер және спорт нысандарының құрылысы бойынша ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат  Акрамов баяндады. Ол 2023-2024 жылы орындалмаған тармақтарға тоқталып, биыл жүзеге асырылатын нысандар туралы айтып өтті. 

Облыстағы су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша  ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек баяндады. 

- Өңірде 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының «Мәдениет нысанын салу және жөндеу» 46-тармағына сәйкес былтыр 403 млн 019 мың теңге сомасына 6 мәдениет объектісіне жөндеу жүргізу жоспарланды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 288 млн 708 мың теңгеге 5 мәдениет нысанында жөндеу жұмыстары аяқталды, - деді ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Раушан Нұрмұханова. 

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова құрғақшылықтың алдын алу және шегірткеге қарсы күрес шаралары туралы баяндады. Ол қазіргі таңда шегіртке ошақтары тіркелген аумақтарда дәрілеу жұмыстары жүріп жатқанын және фермерлермен тығыз жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

- «AMANAT» партиясының Жол картасындағы әрбір тармақ – халықтың нақты ұсыныстары мен мәселелері арқылы жинақталған. Сондықтан бұл құжаттың толық әрі сапалы орындалуына барынша жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Әсіресе білім, денсаулық сақтау, мәдениет , спорт және ауыл шаруашылығы бағыттарында артта қалып жатқан жұмыстар фракция бақылауында болады. Тұрғындар сенімін ақтау – біздің басты міндетіміз екендігін естеріңізге салғым келеді, – деді Фракция жетекшісі Тұрарбек Азекенов.

Отырыс нәтижесінде әрбір салалық басқармаға нақты тапсырмалар жүктеліп, Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету үшін депутаттық бақылау күшейтілетіні жеткізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив