A+ A A-

talgatzhan 39 12-06-2025, 16:45 0

ШҚО-да жоғалған жасөспірім 3 күннен кейін табылды

Бүгін / ШҚО

15 жастағы Александр Коверзин 9 маусым күні із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның жоғалғаны туралы хабар түскен бойда 500-ден астам тәртіп сақшысының қатысуымен жедел түрде ауқымды іздестіру ұйымдастырылды.  
Үшінші күні Александр қаңырап қалған ғимараттардың бірінен табылып, туыстарына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Жасөспірімнің айтуынша, ол үйінен әдейі шығып кеткен және біраз уақыт жалғыз болғысы келген. 
Бозбала және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналар мен қамқоршыларды жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына көбірек назар аударуға, олармен тығыз қарым-қатынаста болуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив