15 маусымнан Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында «Қонақжай отбасы» жобасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан келген қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Оларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді.
Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға және достық атмосфераны құруға бағытталған іс-шаралар өткізді.
Жобаның алғашқы күндерінде есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Бағдарламада тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізу түрлері енгізілген.
Волонтерлердің жұмысы жобаға қатысушылар баратын елді мекендерде жалғасады. Олар бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсетеді.
Биыл жобаға 140 оқушы қатысады.
Пікірлер