A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 15:30 0

ШҚО-да жас сарбаздар Отан алдында ант берді

Бүгін / ШҚО

Серебрянск қаласындағы 97638 әскери бөлімінде елдің түкпір-түкпірінен жиналған 90-ға жуық жас сарбаз Қазақстанның тұтастығы мен бейбіт өмірін қорғауға салтанатты түрде әскери ант берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

— Ұлымның әскери ант қабылдау сәтін көру — мен үшін өмірімдегі ең үлкен мақтаныштардың бірі. Бір ай бұрын бозбала болып аттанған еді, бүгін Отан қорғаушы ретінде тұр. Оның бойынан сенімділік пен ерік-жігерді көріп, жүрегім қуанышқа толды, - дейді сарбаздың анасы Зейнап Мұратқызы.
Жас жауынгерлерге артылған міндет пен жауапкершілік – Отанға адал қызмет ету.
— Бүгінгі күн мен үшін ұмытылмас. Біз ел алдында емес, жүрегіміздің алдында ант бердік. Бұл — тек сөз емес, болашақтағы әр ісімізге жауапкершілік артатын уәде. Мен өз борышымды адал өтеуге уәде беремін, - деді Санжар Бүркітбай
Салтанатты шараға келген ата-аналар бір айда өзгеріп, әскери тәртіпке бой үйреткен балаларын мақтанышпен бақылады. Ал келіп үлгермегендер сарбаздармен онлайн байланысқа шығып, ізгі тілектерін жолдады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив