«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай облыстық деңгейде әңгіме байқауын жариялайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыстың мақсаты - қаламгердің шығармашылығын насихаттау, дарынды жастарды қолдау және еңбек пен ұлттық болмысты әдебиет арқылы таныту.
Байқау талаптары:
Жасы 18–45 аралығындағы авторлар қатыса алады;
Туынды тек қазақ тілінде жазылуы керек;
Бұрын жарияланбаған, тың әңгіме;
Көлемі – 20 беттен аспау керек.
Жұмыстар 2025 ж. 16 маусым – 16 тамыз аралығында s.kumarbaeva@amanatpartiasy.kz электронды поштасына жолданады.
Жүлделі орындар:
Бірінші орын – 200 000 тг;
Екінші орын – 150 000 тг;
Үшінші орын – 100 000 тг;
Дидахмет Әшімханұлы атындағы арнайы жүлде – 100 000 тг.
Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылдың 31 тамызына дейін өтеді.
Салтанатты марапаттау шарасының өтетін уақыты мен орны қосыша хабарланады.
Пікірлер