A+ A A-

talgatzhan 70 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да негізгі турситік жолдардың бірі жөнделуде

Бүгін / ШҚО

Қазіргі уақытта Миролюбовка ауылына баратын жол шұңқырға толы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Самар ауданы аумағындағы бұл жол – жазғы демалыс орындарына, паром өткеліне апаратын маңызды бағыт. Алты жылдық үзілістен кейін қайта ашылған Васильев өткелі арқылы Үлкен Нарын мен Катонқарағайға дейінгі жол 70 шақырымға қысқарды. 
Таяуда облыстық маңызы бар «Көкпекті – Самар – Васильев өткелі» автожолының 99-120 шақырым учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жолдың өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамытуда стратегиялық маңызы бар.
- Жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды, оны жүзеге асыру екі жылға жоспарланған. Биыл 500 миллион теңге бөлінді, – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.
Бірінші кезеңде 13 шақырым жолға асфальтбетон қоспасынан тегістеуші қабат төселмек. Қалған бөлігі келесі жылы, қаржы бөлінген соң жүзеге асырылады. Бас мердігер – «ДСУ-14» ЖШС. 
Жол жөндеу жұмыстарының басталуын Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов өзі бақылап қайтты.
- Аудан тұрғындары бұл жөндеуді ұзақ күтті. Жоба облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда. Мақсаты – туризмді дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру, - дейді ол. 
Сонымен қатар осы жолдың көршілес бөлігінде «ОблШығысЖол» ЖШС 15 шақырымдық (76-91 шақырым аралығы) учаскеде шұңқырларды жамау жұмыстарын бастап кетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив