A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да жеке гигиена заттары 10,8%-ға қымбаттады

Бүгін / ШҚО

2024 жылы  бір отбасы үшін жеке гигиена құралдарына кеткен қаражат орта есеппен 80,8 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бір жылдың ішінде Маңғыстау облысының тұрғындары 111,1 мың теңге, Атырау облысының тұрғындары 107,7 мың теңге, Шымкент қаласының тұрғындары 102 мың теңге жұмсаған. 
Шығыс Қазақстан облысында бір отбасыға арналған жеке гигиена құралдарына орта есеппен 57,3 мың теңге кеткен. 
Абай (57,3 мың теңге) және Батыс Қазақстан (60,9 мың теңге) облыстарының тұрғындары да жеке гигиена құралдарына аз шығындалады. 
Жалпы мамыр айының қорытындысы бойынша жеке гигиена құралдарының бағасы бір жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті. Сабын – 10%-ға, тіс пастасы – 8,6%-ға, балалар сабыны – 8,2%-ға, қырынуға арналған гель – 6,8%-ға, дәретхана қағазы – 6,1%-ға, сусабын – 4,6%-ға қымбаттады. 
Өңірлер арасыунда ең жоғары жылдық өсімі Қызылорда (12,1%-ға), Шығыс Қазақстан (10,8%-ға) және Ақмола (9,4%-ға) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі өсім Павлодар (1,6%-ға), Алматы (2,4%-ға) және Ұлытау (3,3%-ға) облыстарында тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив