Мекемелер тексерістен өтіп, барлық талапқа сай екенін растайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Балаларды қабылдауға рұқсат алған лагерлердің тізімі (2025 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша):
«Царская долина» балалар лагері – Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы, «Үміт» Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы КММ;
«Балақай» лагері – Алтай ауданы, «Көгілдір бұғаз» демалыс үйі, «А.С.А.» ЖШС;
«Синегорье» демалыс базасындағы жазғы лагерь – Риддер қаласы, Қарағайлы орман, «Қазмырыш» ЖШС-нің корпоративтік денсаулық сақтау кешені;
«Жігер» лагері – Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, «Өскемендік балалар мен жасөспірімдер клубтарының бірлестігі «Жігер» ШҚКК;
«БОЛАШАҚ» лагері – Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы, «Балалар шығармашылық үйі» КМКК;
«Приморск» лагері – Үлкен Нарын ауданы, Приморское ауылы, «Мұзтау и К»4 ЖШС;
«Дарын» орталығы жанындағы лагерь – Глубокое ауданы, «Шығыс Қазақстан дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы» КМКК;
«Төменгі Тайынты» сауықтыру лагері – Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы, ШҚО ББ «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ;
«Алау» сауықтыру лагері – Глубокое ауданы, Таулы Үлбі ауылы, «Қазмырыш» ЖШС.
Қалған мекемелер жақын арада тексерістен өтеді. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз лагерлердің жұмысын бастауға құқығы жоқ.
Пікірлер