Риддерде жылыту маусымы басталғанымен, жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлім етті.
— 10-11 қазанға дейін 4 қазандық іске қосылады. Ал 10 қарашаға дейін № 4 және 5 ірі қазандықтарды қалпына келтіру аяқталады. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Жылу орталығында көмір мен мазут жеткілікті, - деді ол.
Сондай-ақ жаз мезгілінде Риддер қаласындағы 19 шақырым жылу желілері жөнделді.
— 2022-2023 жылғы жылыту маусымында 84 қазандық өшірілсе, былтыр 5-і өшірілді. Осы тұста тұтынушылар үшін температураның төмендемеуіне де мән бердік. Осы уақыт ішінде жылу беру маусымын штатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жұмыстар жасалды, - деді Нұрлан Рамазанов.
Жауапты маманның айтуынша, мекемедегі кадр тапшылығы мәселесі де шешілді. Төтенше жағдай уақытында 115 адам жұмыс істесе, қазір 240 маман бар.
Фотосурет: inbusiness.kz
Пікірлер