A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:45 0

ШҚО-да 4 мыңнан астам бала жергілікті бюджет есебінен тегін демалады

Бүгін / ШҚО

Биыл өңірде жергілікті бюджет есебінен түрлі форматтағы жазғы демалыспен 4 403 бала қамтылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Балалардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру және сауықтыру мақсатында облыста 12 қала сыртындағы лагерь жұмысын жалғастырады, онда 3 923 бала тегін демалады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсетуде. Қордың көмегімен ауыл мектептерінен 185 оқушы «Дарын» лагеріне тегін жолдама алды. 
Ата-аналар арасында күндізгі мектеп жанындағы 270 лагерь үлкен сұранысқа ие. 
Барлық ауысымның бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Шығармашылық студиялар мен үйірмелердегі сабақтар, тұлғалық даму, бастамашылдық, коммуникативтік және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған.
Сондай-ақ «Қонақжай отбасы» жобасы жалғасады. Биыл 140 бала қазақ тілді ортаға еніп, тілді тұрмыстық жағдайда үйренуге мүмкіндік алады. Бағдарлама қазақ тілін үйренуді, өңірдің дәстүрі, мәдениеті мен тарихымен танысуды, халық аспаптарында ойнау бойынша шеберлік сабақтарына қатысуды және қасиетті жердерге экскурсияларды қамтиды.
Өңірде алғаш рет балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған «Киелі Шығыс» жобасы басталады. Аталған жоба аясында 200 оқушы білім беру және танымдық турларға қатысады. Олар Берел қорғандары, Қиын-Керіш шатқалы, жартасқа салынған суреттер мен Мемлекеттік ұлттық табиғи паркін тамашалайды.
Демалыс орындарында санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив