Гидрометорталық келесі айға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
10-20 шілде аралығында ауа температурасы түнде +13…+18°С-тан +8…+13°С-қа дейін, күндіз +25…+30°С-тан +20…+25°С-қа дейін ауытқиды.
Облыстың оңтүстігінде түнгі температура +24°С-қа дейін, ал күндізгі температура +36°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Үшінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде +13…+18°С-тан +8…+13°С-қа дейін, ал күндіз +25…+30°С-тан +20…+25°С-қа дейін төмендейді.
Оның екінші жартысында түнде +15…+20°С-қа дейін, күндіз +27…+32°С-қа дейін, оңтүстікте +36°С-қа дейін жылыну күтіледі.
Айлық жауын-шашын мөлшері облыстың оңтүстігінде нормаға жуық, ал солтүстік бөлігінде нормадан жоғары болады.
Шілденің алғашқы жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жиі жауады. Найзағай екінші онкүндіктен басталып, үшінші онкүндіктің соңына дейін жалғасады. Жел үшінші онкүндіктің ортасы мен соңында күтіледі.
Пікірлер