A+ A A-

talgatzhan 30 18-06-2025, 13:25 0

ШҚО-да аймақтық кеңестің отырысы өтті

Бүгін / ШҚО

Бүгін «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күн тәртібіне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер енгізілді.

Ішкі туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ШҚО Туризм басқармасының туризмді дамыту және инвестиция тарту бөлімінің басшысы Ислана Ластаева атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікір білдірді.

- Бүгінде ішкі туризм Шығыс Қазақстанда дамудың жаңа сатысына көтеріліп келеді. Облыстың табиғи әлеуеті мен инфрақұрылымдық жобалары – туристік ағымды ұлғайтуға үлкен мүмкіндік береді,- дейді ол.

Сонымен қатар жиын барысында көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары туралы, қуаңшылықтың алдын алу және шегірткеге қарсы күрес шаралары, суармалы жер көлемін 51,7 мың гектарға жеткізу мақсатында ирригациялық жүйелерді жаңғырту сияқты өзекті мәселелерде талқыланды.

Кеңес жұмысына түрлі деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік орган басшылары, салалық сарапшылар және кәсіпкерлер қатысты. Бұл – өңірлік проблемаларды шешуде тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы деуге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив