A+ A A-

talgatzhan 0 19-06-2025, 17:00 0

ШҚО-да "Ізгі жүрек – 2025" сыйлығына үміткерлер анықталды

Бүгін / ШҚО

Биыл «Ізгі жүрек» сыйлығына облыстың алты тұрғыны үміткер атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

16 маусым күн izgi-jurek.kz  сайтында «Ізгі жүрек» сыйлығының номинанттарына онлайн дауыс беру басталды. Шілденің 7-не дейін жалғасады. Әр адам жүрегіне ерекше әсер еткен ерлікке дауыс бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бойы өңір тұрғындары өз өмірін қатерге тігіп, басқаларды құтқарған адамдарды марапатқа ұсынған болатын. 
Халықтың ең көп дауысын жинаған батырға «Казцинк» компаниясынан 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы табысталады. Егер ерлік ұжыммен бірге жасалса, жүлде теңдей бөлінеді.
Жеңімпаздарды марапаттау дәстүрлі түрде Металлургтер күніне орай өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив