Бұл туралы Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұқтырма су қоймасында бос қалған паромдардың бірінде мейрамхана ашылуы мүмкін.
— Туристерді қызықтыру үшін біз бір қайықты жүзетін ресторан жасау үшін пайдаланамыз, — деді Серік Женісов.
Жоба әлі талқылану кезеңінде. Билік инвесторларды тарту мүмкіндіктерін және болашақ нысан үшін ықтимал орындарды қарастыруда.
Пікірлер