443.62 492.24 5.36
A+ A A-

ШҚО-да биыл жеңілдікті санат бойынша 259 адамға баспана берілді

ШҚО-да биыл жеңілдікті санат бойынша 259 адамға баспана берілді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Тағы 22 907 облыс тұрғыны кезекте тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.

Өңірде пәтерге мұқтаж жандардың басым бөлігі - жетім балалар. Жыл басынан бері 4 355 адам баспана кілтін күтуде. Қаңтар-қазан айлары аралығында оның 34-і өз үйлеріне кірді. 
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 8 484 азамат баспана кезегінде тұрса, 46 адам пәтерге ие болды. Қазірдің өзінде 2167 көпбалалы отбасының 112-сіне үй берілді. Сондай-ақ 48 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік ұйымдардың қызметкері қоныс тойын тойлады, - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов. 
Бір өкініштісі, облыста Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері әлі де баспана кезегінде тұр. Тұрғылықты жері қауіпті деп танылған 271 азаматтың биыл 13-і ғана пәтер ауыстырды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив