Бұл туралы ресми ақпаратпен университет ректоры Мұхтар Төлеген жуықта өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, маусым айының 18-і күні БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қосқан үлесі бойынша жоғары оқу орындарын бағалайтын Times Higher Education Impact Rankings 2025 халықаралық рейтингі жарияланды.
Биыл Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті аталған жаһандық рейтингке тұңғыш рет еніп, жалпы көрсеткіштер бойынша 1501+ орынды иеленді. Өңірдегі іргелі оқу орындарының бірі 9 ТДМ бағыты бойынша бағаланып, келесі салаларда жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда:
ТДМ 4. Сапалы білім беру – 801-орын
ТДМ 9. Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – 401-орын
ТДМ 5. Гендерлік теңдік – 601-орын
ШҚУ ректорының сөзінше, бұл жетістіктер Amanzholov University-дің алдыңғы қатарлы, заманауи, инклюзивті әрі тұрақты дамуға бағытталған оқу орны ретінде қалыптасқан беделін айқын дәлелдейді.
– Университет алдағы уақытта да тұрақты даму саласындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті, – деді Мұхтар Әділбекұлы.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер