Жуырда «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күн тәртібінде қала және аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының жұмысымен танысып, өңір жастарының мәселелері талқыланды. «Серпін-2050» оқыту бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», «Білікті маман» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері көтерілді.
Отырысқа жауапты сала өкілдері, кеңес мүшелері және жастар қатысты.
Жастар ресурстық орталығы - жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға ақпараттық қолдау көрсетеді, олардың бастамалары мен жобаларын дамытуға жәрдемдеседі. Облыста 2 қалалық, 12 аудандық Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. 2044 адамды қамтитын 13 ерікті фронт-офистері бар.
Биыл аймақта «Серпін-2050» оқыту бағдарламасы бойынша 577 студент білім алуда. Бағдарлама түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мансап орталықтарында және ЖОО-да студенттермен бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс беруші кәсіпорындардың қатысуымен мансап күндері және бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бұдан бөлек, Мансап орталықтарының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Пікірлер