Өскемен трамвай паркінің директоры болып Денис Федченко тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол 1981 жылы 6 шілдеде облыс орталығында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс гуманитарлық институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
Денис Федченко мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда түрлі қызметтер мен басшылық лауазымдарды атқарды.
2023 жылдан бері қала әкімдігі жанындағы Аумақтық басқару орталығының басшысы болып еңбек етті.
Пікірлер