Бұл ақпаратты қалалық ТҮКШ бөлімі растады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бастапқы жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 13 тамыз кешке басталып, 27 тамызға дейін аяқталуы тиіс еді. Осыған байланысты қала тұрғындарына Бабкина мельница бағытына қарай көлік қозғалысының уақытша тоқтайтыны және трамвай қатынасының шектелетіні жөнінде алдын ала хабарланған еді.
Алайда кейінірек аталған жұмыстардың бүгін басталмайтыны белгілі болды. Осыған орай әзірге автокөлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды, ал трамвайлар бұрынғы кесте бойынша жүре береді.
Дегенмен бұл учаскедегі трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары алдағы уақытта міндетті түрде қолға алынады. Қала билігі мен жауапты мекемелер автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы айналма жол нұсқаларын алдын ала пысықтап, тұрғындарды дер кезінде хабардар етуге тырысады.
Пікірлер