Облыс орталығында «Қазақстан Мектебі» ХХХХХV халықаралық көпкүндік веложарысының жабылу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарыстың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру мен спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту.
- Бүгінгі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық жас спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын алған командалар кубоктармен және медальдармен марапатталды, – деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Күнжан Уразаева.
Дайындық екі айға созылып, жарыс бір аптаға жалғасқан. Маршрут негізінен таулы аймақтарда өтті.
– Бүгінгі веложарыстың қорытындысы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бұл жарыс жыл сайын өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ол жастарды спортқа баулиды және денсаулықты жақсартуға көмектеседі, – деді Шымкент қаласынан келген велоспортшы Марлен Райымбеков.
Ал өзбекстандық Убайдулло Абдурахманов есімді қатысушы жарыс барысында ауа райы мен жолдағы кептеліс қиындық тудырғанын айта кетті.
– Ауа райының қолайсыздығы айтарлықтай әсер етті. Мысалы, кешегі кезеңде жолдағы кептелістер кедергі болды. Дегенмен жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деді ол.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер