A+ A A-

talgatzhan 72 15-08-2025, 10:05 0

Катонқарағай ауданында облыстық семинар өтті

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағай ауылындағы Мәдениет үйінің базасында «Тіл үйретудегі өзекті мәселелер: әдіс, тәжірибе, инновация» атты облыстық семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараға қалалар мен аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері қатысты. Бағдарлама барысында Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Серік Жакитов, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова сөз алды.

Этнос тілдерін дамыту және қоғамдық ұйымдар мен этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, онлайн-бағдарламаларды қолдану, ауданға келген туристермен қарым-қатынас жасау, тіл оқытуды жүйелеудегі озық тәжірбиелер, автоматтандырылған база туралы баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданындағы мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен қатысушыларға жергілікті тарихи-мәдени орталықтар көрсетілді. Семинарға қатысушылар мұражайлармен танысып, туристік орындар мен Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын аралады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив