Өскеменде трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстарының басталуына байланысты Қазақстан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— Мызы-Қазақстан көшелерінің қиылысында рельс жолдарын ауыстыру жұмыстарының басталуына байланысты Қазақстан көшесінің «Комфорт» СҮ бағытына қарай, Мызы көшесінен кейінгі бөлігі уақытша жабылады, — деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімі.
ТҮКШ деректеріне сәйкес, аталған учаскеде көлік қозғалысы келесі бағыт бойынша жүреді. Мызы көшесінен жөндеу жұмыстарының аяқталу шекарасына дейінгі жол бөлігі бойынша қарсы қозғалыс жолымен жүзеге асады. Ал «Комфорт» СҮ жағынан келетін көліктер үшін – оң жақ жолақпен қарсы бағытта қозғалыс қамтамасыз етіледі.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалысты алдын ала жоспарлау сұралады. Сондай-ақ 15-21 тамызда трамвай жол өткелдеріндегі учаске жабылып, трамвай қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Пікірлер