Тоқты
Осы аптада Тоқтылар айрықша белсенді. Көмек сұраған кез келген жанға қолұшын беруге әзір. Қандай жағдай болсын, ең бастысы, сабыр сақтап, ішкі эмоцияңызды басқара біліңіз. Ақылсыздықтың соңы неге апарып соғатыны жадыңызда жүргей.
Торпақ
Апта ішінде отбасыңызда ұрыс-керіс шығуы мүмкін. Мәселенің бәрі өткен-кеткен жайттарға келіп тіреледі. Аптаның бірінші жартысы ұсақ-түйек әңгімемен өтсе, қалған күндері жағдай біршама тұрақталады.
Егіздер
Егіздердің сіркесі су көтермейді. Біреу жақ ашса болды, жүйкеңіз сыр бере бастайды. Сабыр сақтаңыз, бәрін де ақылмен шешуге болады. Тырнақ астынан кір іздеу жарамас. Аптаның екінші жартысында тамаша саяхаттар күтіп тұр.
Шаян
Қызметкерлер мен басшылық арасынан ала мысық жүгіріп өтуі мүмкін. Іссапарлар, кездесулер мен отырыстар біршама уақытыңызды алып жібереді. Оның үстіне достарыңыз бен туыстарыңыз жеке өміріңізге араласқысы келеді.
Арыстан
Арыстандар үшін көп дүние бірден өзгеріп жатқандай қабылдануы мүмкін. Сіз өжетсіз. Бірақ бұл мінезіңізді көпшілік жақтыра қоймайды. Не болса да ақылды әрі ұтымды шешім қабылдауды өмірлік ұстанымым деп біліңіз.
Бикеш
Белсенділігіңіз бен іскерлігіңіздің арқасында тамаша жетістіктерге жетесіз. Алайда Бикештердің кейбірі көптің пікіріне менсінбей қарап, өзімшілдікке салынуға әуес. Аптаның екінші жартысы шиеленісті өтейін деп тұр.
Таразы
Мол табысқа кенеліп, жаңа таныстарыңызбен іскерлік қарым- қатынас орнатуға қолайлы кезең. Тек шешім қабылдау кезінде асығыстыққа бармаңыз. Аптаның екінші жартысы қым-қуыт оқиғаларға толы болмақ.
Сарышаян
Бұл апта рухани жаңару мен шығармашылық белсенділіктің уақыты. Барлығын кейін ысырып тастап жаңадан бастауға деген құлшыныс туады. Бұныңыз дұрыс, дегенмен қырағылығыңызды жоғалтпай, ұтқыр әрекет жасай біліңіз.
Мерген
Әлдекім тосын жаңалық жеткізеді. Қатты таңданып жүрмеңіз, себебі бұл ақпаратты өзіңіз көптен бері естігіңіз келіп жүрген. Кейде оңаша қалғыңыз келеді, алайда мойныңызға артылған әлдеқандай жүк босаңсуға ырық бермейді.
Тауешкі
Тіршілікте кездесетін кейбір келеңсіздіктер өткенге талдау жасап, таразыдан өткізуге мәжбүрлейді. Бұл қиын болғанымен соңы жақсылыққа апармақ. Қалай десек те оңаша қалып бәрін де ой елегінен өткізіп сараптап алғаныңызды дұрыс деп ойлаймыз.
Суқұйғыш
Бұл апта қызықты оқиғағаларға толы болмақ. Есте қалар кездесулер, жаңа серіктес табу сынды әрекеттер сізге әркез құлшыныс береді. Сенбі-жексенбі күндері ең жақын деген адамдарыңызбен жүздесіп қайтыңыз.
Балықтар
Кез келген өзгерісті өзіңізден бастаңыз: ескі-құсқы заттарды лақтырып, жинақылық таныту қажет. Қаржы қиындығы туындауы мүмкін, ақшаны оңды-солды жұмсаудан аулақ болыңыз. Көңілдегі күдіктен арылып, батыл әрекет етіңіз.
Пікірлер