Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2025 жылы қай салада оң көрсеткіш болғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, 2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ көлемі бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.
- Бұл бағыттағы жұмыс, әсіресе, инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жалғасып жатыр. Осы жылғы қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті, - деді Жұманғарин.
Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті.
Негізгі драйверлер – көлік, құрылыс және сауда. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып өңдеу секторы жанданды.
- Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті. Инвестицияның ең көп өсуі білім беруде 2,3 есе, қаржы қызметінде – 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады, - деп түсіндірді Үкімет мүшесі брифингте.
Пікірлер