Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.
- Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға кәсібиліктеріңіз, іске адалдықтарыңыз және әділ қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер мемлекеттік саясатты іске асырудың алдыңғы шебінде жүрсіздер, азаматтардың мүдделерін қорғап, өңіріміздің тұрақтылығы мен орнықты дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Сіздердің үйлесімді жұмыстарыңыздың, бастамашылдықтарыңыздың арқасында біз межеленген мақсаттарға қол жеткізіп, тұрғындардың сенімін нығайтып келеміз. Мемлекеттік қызмет – жай ғана қызмет емес. Бұл – адамдардың игілігі үшін еңбек етуге, әр шешімді салмақпен қабылдауға және мемлекеттік жүйенің сенімді тірегі болуға дайын болуды талап ететін мәртебелі міндет. Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы нақты іс-қимылсыз мүмкін емес. Мен біздің командадағы әр қызметкерімізбен мақтанамын, өйткені дәл сіздердің еңбектеріңіздің арқасында барлық мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір басшысы мемлекеттік қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріп, жас мемлекеттік қызметшілерге кәсіби өсуге ұмтылудан тайынбауды, жауапкершілікті, бастамашыл болуды және заманауи сын-қатерлерге дайын болуды тіледі.
Салтанатты шара барысында қызметіне адалдық танытқан мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Айта кетейік, өңірде 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде, оның 71 пайызын әйелдер құрайды.
Пікірлер