A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 13:00 0

ШҚО-да мопедтердің тіркелуі тексеріледі

Бүгін / ШҚО

24-29 маусым аралығында облыс аумағында мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Мопед» жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шараның негізгі мақсаты - жүргізуші куәлігі жоқ немесе белгіленген жасқа толмаған мотокөлік жүргізушілерін анықтау, тіркеу құжаттарының бар-жоғын және техникалық жарамдылығын тексеру, жол жүру ережелерінің бұзылуын болдырмау.
Полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, автожолдар мен елді мекендерде рейдтік іс-шаралар мен жаппай тексерулер жүргізеді. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылады. Сондай-ақ жол апаты болуы мүмкін қауіпті аймақтарда патрульдік бақылау күшейтіледі.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері мопед жүргізушілеріне қорғаныс шлемін кию, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу — міндетті талаптар екенін ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив