A+ A A-

talgatzhan 36 24-06-2025, 13:30 0

ШҚО-ға қыркүйекте «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді

Бүгін / ШҚО / Басты

20 мамырдан бастап елде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жүре бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылжымалы кешен заманауи диагностикалық және емдеу қондырғыларымен жабдықталған. Оның құрамында ультрадыбыстық кабинеттер, флюорография, зертхана, шағын ота бөлмесі бар. Сондай-ақ медициналық деректерді жедел жіберуге және өңдеуге арналған Интернетке қосылу мүмкіндігі бар сымсыз байланыс орнатылған.

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына білікті мамандар тегін көмек көрсетеді.

Пойыз әр станцияда орта есеппен 1-2 күнге тоқтайды. Азаматтар сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз қабылданады.

ШҚО бойынша жүру кестесі:

  • Өскемен-1: 10.09.25, 05:05 — 10.09.25, 06:00

  • Предгорная: 10.09.25, 07:12 — 11.09.25, 20:40

  • Өскемен-1: 11.09.25, 21:50 — 11.09.25, 22:20

  • Тишинская: 12.09.25, 00:15 — 13.09.25, 21:00

  • Черемшанка: 13.09.25, 21:44 — 15.09.25, 21:00

  • Өскемен-1: 15.09.25, 22:13 — 15.09.25, 22:53

  • Таусамалы: 16.09.25, 00:45 — 17.09.25, 20:50

  • Құмыстау: 17.09.25, 21:39 — 19.09.25, 20:50

  • Бұқтырма: 19.09.25, 21:32 — 21.09.25, 20:50

  • Заводинка: 21.09.25, 21:29 — 23.09.25, 20:50

  • Тұрғысын: 23.09.25, 21:21 — 25.09.25, 20:50

  • Құмыстау: 25.09.25, 22:30 — 25.09.25, 22:45

  • Өскемен-1: 26.09.25, 01:15 — 26.09.25, 02:00

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив