Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ерік Тұрсынғалиев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, көз жұмғандардың арасында 2 жасөспірім бар.
- Шомылу маусымы кезеңінде жедел әрекет ету шараларының нәтижесінде 8 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Облыс әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №226 қаулысына сәйкес өңірде туризм, спорт және жаппай демалысқа арналған 25 су айдыны мен су шаруашылығы нысандары белгіленді. Атап айтқанда, Өскеменде – 2, Риддерде – 1, Алтайда – 2, Зайсанда – 1, Үлкен Нарында – 1, Күршімде – 1, Самарда – 7 және Ұланда 10 учаске бар. Олардың тек 8-і ғана су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған. Қалған 17 жағажай су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сай емес, – деді басқарма офицері.
Бұдан бөлек, ШҚО ТЖД жаз маусымына дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі.
- Бекітілген жоспарға сәйкес 1 маусымнан бастап су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы халық арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 961 рейд өткізіліп, 13 телехабарға қатысу ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5 брифинг өтіп, радио арқылы 167 рет түсіндіру жұмыстары жүргізілді. БАҚ-та 12 телебағдарлама мен 134 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерде 742 ақпараттық жазба мен 65 бейнеролик орналастырылып, 12 тікелей эфир ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 32 ерікті құтқарушы-дружинник даярланды, – дейді Ерік Тұрсынғалиев.
ШҚО ТЖД мәліметінше, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 29 адам тартылған. ҚР ӘҚБтК 364-бабы бойынша 19 адам, 412-бап бойынша 9 адам, 582-бап бойынша 1 адам жауапқа тартылды.
Айта кетейік, 25 маусымға дейін су айдындарының түбін тексеруге 19 өтінім келіп түскен. Оның 17-сі бойынша тексеру жүргізілді.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер