A+ A A-

talgatzhan 39 24-06-2025, 19:10 0

ШҚО-да қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің саптық алаңында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан сақшыларды еске алуға арналған гүл шоқтарын қою салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рәсімге арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының арбаздары, департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Қызметтік антына адал болып, ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған ерлер бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Салтанатты сәтте Әнұран орындалып, мемориалдық тақта алдында қызметкерлер бастарын иіп, мәңгілік сапта қалған әріптестерінің есіміне тағзым етті.

Мықты рух, жауынгерлік бауырмалдық пен антқа адалдық — құқық қорғау қызметінің берік іргетасы. Бүгінде облыс полицейлері қаза тапқан әріптестерінің ісін жалғастырып, азаматтардың тыныштығын күзетіп, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет атқаруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив