A+ A A-

talgatzhan 36 25-06-2025, 09:40 0

Былтыр ШҚО-дан қанша адам қоныс аударды?

Бүгін / Республика / ШҚО

Биыл алғашқы төрт айда Қазақстаннан 1700 адам көшіп кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметше, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан өзге елдерге тұрақты тұруға көшкендерді саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,8 есеге аз. 

Сонымен қатар биыл төрт айда Қазақстанға тұрақты тұру үшін 8100 адам сырттан көшіп келген. 2024 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл көрсеткіш 9900 болған еді. Өткен жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш – 12,8 мың адам қоныс аударған. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2000 жылы елден 156 мыңға жуық адам көшіп кетті.

Өткен жылы көші-қонның 48%-ы Қостанай, Павлодар және Абай облысынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысынан кеткен. Елден кеткен азаматтардың 69%-ы Ресей Федерациясына қоныс аударған. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейге 644 қазақстандық көшкен.

2024 жылы Германияға шамамен 2000 қазақстандық қоныс аударған. Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл бағыттағы эмиграция 68%-ға төмендеген. 2025 жылы 2185 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив