23 маусымда Мемлекет басшысының бастамасымен қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама аясында республикалық «Заң және Тәртіп апталығы» акциясы бастау алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп идеяларын, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, тұрақты құқықтық сананы және жоғары құқықтық мәдениетті нығайту.
Аймақта акцияны бастап, салтанатты түрде ашқан облыс прокурорының орынбасары Ерлан Буланбаев бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға мемлекет пен қазақстандықтардың игілігі үшін ел басшылығы сеніп тапсырған жауапты миссия жүктелгенін атап өтті.
Пікірлер