Мамыр айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдер айына 0,6%-ға, жылына 7,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ай сайынғы динамика бойынша жоғары баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді (1,9%). Ең аз өсім Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматыда байқалды. Жетісу облысында баға өткен айдың деңгейінде қалды.
Ал жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі Түркістан (9,2%), Шығыс Қазақстан (9,1%) және Қарағанды (8,9%) облыстарында тіркелді.
Жыл сайынғы ең аз өсім Павлодар облысында байқалды.
Пікірлер