Мемлекеттік әкімшілік лауазымға жүргізілген ішкі конкурс нәтижесінде Нұрсұлтан Маратов ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нұрсұлтан Шаттықұлы 1993 жылы 10 шілдеде Ақтөбе облысындағы Темір қаласында дүниеге келген. Ол ұлыбританиялық Манчестер университетін, Нидерландыдағы Лейден университетін, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы академиясын және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2018 жылы Инвестициялар комитетінің Астана қаласы бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар департаментінде сарапшы міндетін атқарушы болып бастады.
01.02.2019-24.06.2019 - ҚР СІМ ИК Инвестициялық жобаларды қолдау және іске асыру департаментінің атташесі;
25.06.2019-23.03.2020 - ҚР СІМ атташесі;
25.03.2020-28.07.2023 - ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі;
01.08.2021-31.07.2023 - ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің үшінші хатшысы;
01.08.2023-09.2024 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;
2024 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары ретінде еңбек етті.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер