Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, бүгінде қала тұрғындарының 99,9%-ы, ауыл жұртының 98,4-ы ауызсуға қол жеткізді.
- Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауызсумен 100% қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыстағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы жалпы құны 38,1 млрд теңге болатын сумен жабдықтаудың 28 жобасын іске асыруға 11,8 млрд теңге көзделді. Жыл қорытындысы бойынша 12 жоба аяқталды. Осылайша, желілердің тозу деңгейі 49%-ға азайды. Халықтың ауызсуға қолжетімділігі 99,4%-ды құрады (қалалар - 99,9%, ауылдар - 98,4%), - деді Нұрлан Рамазанов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер