A+ A A-

talgatzhan 61 26-06-2025, 15:30 0

ШҚО-да мемлекеттік аудит ұйымдастырылды

Бүгін / ШҚО

Бүгін ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекет активтерін басқаруы мен бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Бақылау жұмыстары 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың ақпанына дейінгі кезеңді қамтиды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен 8 мемлекеттік орман мекемесінің қызметі зерттелді. Аудиттің қамту көлемі 11,7 млрд теңгені құрады. Шығыс Қазақстан облысы - табиғи ресурстарға бай, экономикалық және экологиялық әлеуеті жоғары өңір. Осыған байланысты табиғатты қорғау саласындағы мекемелердің қызметі ерекше маңызға ие. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, орман шаруашылығын басқару және табиғатты қорғау ұйымдарының тиімді қызметі өңірдің тұрақты дамуына, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және экономикалық әлеуетті арттыруға айтарлықтай үлес қоса алады. Сондықтан бұл мекемелердің жұмысын жетілдіру мен тиімділігін арттыру – өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс, - дейді ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Қасенов.
Осыған байланысты Тексеру комиссиясы бірқатар нақты ұсыныс енгізіп, орман шаруашылығын басқарудағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды ұсынды. Жергілікті әкімдіктер мен тиісті басқармаларға экологиялық заңнаманың сақталуын қатаң бақылау тапсырылды. Бұл шаралар аймақтағы орман қорын сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және сала қызметін жүйелеуге бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив