A+ A A-

talgatzhan 38 26-06-2025, 16:00 0

Глубокое ауданында “жайлы мектептер” бой көтеруде

Бүгін / ШҚО

Белоусовка кентінде жаңа білім ордасы өз жұмысын бастаса, Опытное поле ауылында құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2023 жылдан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Белоусовка кенті мен Опытное поле ауылында 300 орынға арналған екі жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыстың аяқталу мерзімі – 30 маусым.
1 сәуірден бастап №2 Белоусовка жалпы орта білім беретін мектебі өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта лицензия алу аяқталуда.
- Мектепте 50 бастауыш сынып оқушысы білім алып жатыр. Олар 4 сыныпқа бөлінген. Жаңа ғимарат заманауи білім беру талаптарына сай жабдықталған.  Жоба аясында салынған мектептер балалардың сапалы және қауіпсіз ортада білім алуына мүмкіндік береді, - деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив