Аудан әкімі Эльдар Тұмашиновтың айтуынша, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты экономикалық өсу қарқыны сақталуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыты – өнеркәсіп кешені. Мұнда елеулі экономикалық әлеует шоғырланған. Ауданның ауыл шаруашылығы өзінің мамандануына сәйкес өсімдік шаруашылығы бағытына ие. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 24,2 млрд теңгені құрады, - деді Эльдар Тұмашинов.
Сондай-ақ болашақта өнеркәсіптік өндірісті арттыру мақсатында бірқатар жобаны іске асыру жоспарлануда.
- Алтай кентінде жұмыс істеп тұрған Ертіс кенішінде екінші кен денесін игеру, «Анисимов кілті» кен орнын ашу және игеру, «Ертіс мыс балқыту зауыты» қалдықтарынан пайда болған техногендік минералды құрылымдарды игеру, Верх-Березовка ауылында мыс штейнін өндіретін тәжірибелік цех салу қолға алынады, - дейді әкім.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер