A+ A A-

talgatzhan 39 26-06-2025, 17:35 0

Глубокое аудандық ауруханасына 434,6 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынады

Бүгін / ШҚО

Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашиновтың ақпаратынша, қазіргі таңда аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Биыл ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және облыстық бюджет аясында жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді. 434,6 млн теңгеге 6 заманауи медициналық техника алынады, - деді аудан басшысы. 
Бұдан бөлек, ғимарат фасадына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 
- Тиісті жұмыстарды «Emirstroy» ЖШС жүргізеді. Жобаның жалпы құны 570,2 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды, - дейді Эльдар Тұмашинов. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив