Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының халық саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы есептеулер бойынша елде 20 177 846 адам тұрады. Аймақтардың басым бөлігінде табиғи өсім мен көші-қон есебінен халық саны көбейсе, алты облыста төмендегені байқалады. Оның ішінде Шығыс Қазақстан да бар.
Жыл басындағы облыс халқының саны - 727 053 адам. Қыркүйекке дейін табиғи өсім көрсеткіші 209-ға жетсе, көші-қон айырымы 1978-ге төмендеген. Анықталғандай, бүгінгі күні өңірде 725 284 адам тұрып жатыр.
Халық санының азаюы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Жетісу облыстарында да байқалады.
Пікірлер