A+ A A-

talgatzhan 38 27-06-2025, 13:00 0

Үлкен Нарында кәмелетке толмаған жасөспірімге сыра сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Бүгін / ШҚО

Ол лицензиясынан уақытша айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Үлкен Нарын аудандық сотында алкоголь өнімдерін сату туралы заңды бұзған жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.
- Анықталғандай, 28 сәуір күні дүкен сатушысы 2007 жылы туған жасөспірімге «Қарағанды» сырасын сатқан. Бұл ретте 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатуға тыйым салынатын ҚР ӘҚБтК 200 бабының талаптары бұзылған, — делінген ресми ақпаратта. 
Кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады. Сот оны 110 096 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар дүкендегі алкоголь өнімдерін сату лицензиясының күші бір айға тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив