A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:30 0

ШҚО-да журналистер арасында Quiz интеллектуалды ойыны өтті

Бүгін / ШҚО

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысында журналистер мен баспасөз хатшылары арасында Quiz интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Журналистер одағының ШҚО филиалы ұйымдастырды. Бұл күні өңірдің түрлі ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген тілшілер еңбегі еленіп, марапатталды.

Салтанатты жиын ардагер журналист, биыл 75 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Айтмұхамбет Қасымовтың құттықтау сөзімен ашылды. Одан кейін Қазақстан Журналистер одағының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер тапсырылды. Олардың қатарында Ирина Плотникова, Елена Мацковская, Алтынсары Құдайбергенқызы, Александр Каримов, Қарлығаш Қанатқызы және Дәурен Жаңбырбай бар.

Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде 40 жылға жуық еңбек еткен Бекәділ Сәдібековке «Қазақстанның құрметті журналисі» медалі табысталды. Сондай-ақ Нұржан Кенжеұлы, Вячеслав Захаров, Айнаш Бәкімбаева, Дарын Нұрсапар сияқты журналистер ҚР Журналистер одағы төрағасы Сейтқазы Матаевтың Құрмет грамотасына ие болды.

Мерекелік кеш барысында филиал төрағасы Мерей Қайнарұлы әріптестеріне Алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында Ержан Әбіш, Қуаныш Рахметолла, Айгүл Базарова, Арай Ақылжанқызы, Әсел Әміренова, Гүлнұр Түсіпова, Мадина Кәрібаева, Ғафура Сәрсенбайқызы, Ермек Дюзкенов, Айым Касембаева және аудандардағы бірнеше басылым ұжымы бар. 

- Шараның негізгі мақсаты – өңір журналистерін бір шаңырақ астына жинап, кәсіби байланыс пен ынтымақтастықты арттыру. Ұйымдастырылған интеллектуалды Quiz ойынына 10-нан астам команда қатысты, - деді Мерей Қайнарұлы.

Білімділер додасының қорытынды бойынша Ustinka.kz сайтының командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды "Алтай" телеарнасы, үшінші орынды өңірлік баспасөз қызметкерлерінен құралған команда еншіледі. 

Іс-шараның демеушісі – KazMinerals компаниясы. ШҚО Журналистер одағының төрағасы Мерей Қайнарұлы компанияға және шараға атсалысқан барша әріптестеріне алғысын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив