28 маусымда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ауданымыз қарыштап, жақсы дамып келеді. Дегенмен мәселелер де жоқ емес. Өзім 42 жыл білім саласында қызмет еттім. Біздің аудандағы 2 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ дарынды балаларды оқытатын К.Билялов атындағы гимназия интернатының ғимараты 1985 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмеген. Облыс әкіміне сол мәселе жөнінде сұрағымды қойып, алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймын, - дейді Ақжар ауылының тұрғыны Мұсағали Есембаев.
Жиын барысында облыс әкімі өңірдің және ауданның экономикалық - әлеуметтік жағдайы туралы баяндама жасап, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Көпшілікті ойландырған сұрақтардың ішінде жол, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.
Пікірлер