Шығыс Қазақстан облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Данияр Уахитов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Данияр Асқарұлы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (магистратура) түлегі.
2006-2023 жылдар аралығында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, «Альянс Финанс» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Белоусов байыту фабрикасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті және тау-кен-металлургия кешені қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымында еңбек етті.
Сондай-ақ Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы Нұра кентіндегі Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Пікірлер