Жерлестеріміздің қоржынында барлық медаль жиынтығы бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Маусым айының 28–29 күндері Алматы қаласында грэпплингтен Әлем чемпионаты өткен болатын.
Турнирге 14 елдің спортшылары қатысып, небір тартысты жекпе-жек өткізді. Шығыс Қазақстаннан артынып-тартынып барған жерлестеріміз де бар мүмкіндіктерін паш етті. Нақты айтсақ:
1-ші орын – Темірбеков Асылбек
2-ші орын – Қайырбек Нұркелді; Берлібаев Асқар; Мавлюд Мурадов; Қалижарова Наргиз
3-ші орын – Советов Аслан.
Жалпы, аталған дода біршама жаңа есімдерді анықтады. Қалың жанкүйер де спортшылар үшін тақым қысты.
– Чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жарыс жарқын әрі ұмытылмас болды. Әрқайсыңмен мақтанамыз! – делінген ақпаратта.
Пікірлер