A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 11:00 0

ШҚО-да «Ізгі жүрек» сыйлығының қорытындысы шықты

Бүгін / ШҚО

Өңірде «Казцинк» компаниясы ұйымдастырған «Ізгі жүрек» сыйлығының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.   

Айта кетейік, бұл марапат аясында шығысқазақстандықтар біреудің өмірін құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен жандарды өздері ұсынады. Кейін көпшіліктің дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталады. Биыл халықтық дауыс беру нәтижесінде жеңімпаздар үштігіне кіргендер:
Жанасбек Пермабек – 1367 дауысқа ие болды. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі Өскеменде суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды.
Алмас Елемес – 1184 дауыс жинады. Студент Өскеменде пышақ ұстаған қылмыскерге тосқауыл болып, кедергі жасап, полиция келгенше ұстап тұрған.
Ерасыл Омарханов – 1165 дауысқа ие болды. Студент Өскеменде мұздай өзеннен баланы құтқарып, оған алғашқы реанимациялық көмек көрсеткен.
Конкурс талабына сай жеңімпаздарға естелік сыйлық пен бір миллион теңгелік сертификаттар табысталады. Марапаттау рәсімі 18-ші шілде күні Өскеменде Металлургтер күніне арналған мерекелік концерт аясында өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив