A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 16:30 0

ШҚО-да Өзбекстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Бүгін / ШҚО

8 шілдеде облыста Өзбекстан Республикасының туристік мүмкіндіктеріне арналған ресми таныстырылым шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. 

- Біз ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың шақыртуын зор лебізбен қабыл алдық. Туризм саласын дамыту біздің өзара татулығымызды нығайтып, мәдениетімізді жақындастырады. Сондықтан бірлесе отырып осы саланы дамытуымыз керек. Бүгінгі презентациямызда Өзбекстанның табиғаты мен туристік әлеуетін таныстырдық. Туризмді дамыту мақсатында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыруға тырысамыз. Жаңа айтып кеткендей Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Бұхара бағытын қайта қосуды ойластырамыз. Бұл екі ел арасындағы байланысты да күшейтпек, - деді Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Бахтиёр Ибрагимов.

Шара барысында Қарақалпақстан және Өзбекстан туризм басқармасының өкілдері баяндама жасап, медициналық туризм туралы сөз етті.

– Екіжақты экономикалық қарым-қатынасқа келетін болсақ, бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан – ең ірі экономикалық серіктестер. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан – біздің үшінші ірі сауда серіктесіміз. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 1,3 миллиард долларды құрады. Мемлекет басшылары алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр, – дейді Бахтиёр Ибрагимов.

Туризм басқармасы басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Тимур Жігітаев Шығыс Қазақстан облысында ірі инвесторлар мен шетелдік жетекші компанияларды тарту мақсатында ауқымды инвестициялық форум ұйымдастыру жоспарда бар екенін атап өтті. 

– Қыркүйек айында біз ірі инвесторлар мен шетелдік ірі кәсіпорындарды шақырып, ауқымды инвестициялық форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы іс-шараның басты мақсаты – бүгін келіп жатқан әрбір елшінің өз мемлекетінің кәсіпорындарына осындағы ақпаратты жеткізе алуы. Бүгін бізге шамамен 23 шетелдік делегация өкілдері келуде. Кеше Өзбекстан Республикасының делегациясы келді. Бүгін өзіміздің туристік компанияларымызды Өзбекстанның туристік әлеуетімен таныссын деп  арнайы шақырдық, – деді Тимур Жігітаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив