A+ A A-

talgatzhan 53 Кеше, 17:30 0

Шығыс Қазақстан – Орталық Азия назарында: өңірдің туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Бүгін / ШҚО

«Хоргос» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында мәдени туризмді дамытуға арналған Орталық Азия форумы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің туризм және инвестиция саласының көшбасшылары, сондай-ақ Қытай кәсіпкерлері қатысты.

Өңір атынан форумда сөз сөйлеген «Атамекен» ҰКП жанындағы Шығыс Қазақстан облыстық туризм кеңесінің төрағасы, халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесші Сымбат Рамазанов ШҚО-ның туристік және инвестициялық әлеуетін жан-жақты таныстырды. Ол өз сөзінде өңірдің бірегей табиғатын, бай мәдени мұрасын және тұрақты әрі мәдени туризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Форумда шекара маңындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне, инфрақұрылымды дамытуға және туризм саласына шетелдік инвестиция тартуға бағытталған қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Шығыс Қазақстан өңіраралық серіктестік аясында өсімнің перспективалы нүктесі ретінде ұсынылды.

Форум аясында Сымбат Рамазанов Қытай кәсіпкерлерімен бірқатар B2B кездесулер өткізді. Тараптар туристік бағыттарды бірлесіп ілгерілету мен туристік және сервистік инфрақұрылым нысандарына инвестиция салу бойынша нақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Келіссөздердің нәтижесінде бірлескен жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылық пен алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.

«Өңірді халықаралық алаңдарда таныстыру - бұл жүйелі жұмыс. Шығыс Қазақстанның әлеуеті зор, менің міндетім - осыны негізгі серіктестерге жеткізу. Диалог, әріптестік және нақты жобалар арқылы біз өңірдің ғана емес, бүкіл елдің дамуына үлес қосамыз», — деп атап өтті Сымбат Рамазанов.

«Хоргос» ХШЫО-дағы форум Орталық Азия мен Қытай арасындағы өңіраралық интеграцияны нығайту, туризм байланыстарын кеңейту және экономикалық әріптестікті арттыру бағытында жасалған нақты қадамдардың жарқын көрінісі болды. Форум қорытындысы бойынша мәдени, тұрақты және шекара маңы туризмін дамытуға арналған жаңа жобаларға берік негіз қаланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив