A+ A A-

talgatzhan 0 9-07-2025, 15:50 0

ШҚО-да 20 келіден астам есірткі тәркіленді

Бүгін / ШҚО

Облыс аумағында 1 маусымнан басталған «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 20 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Жұмаділов мәлімдеді.
— Бүгінге дейін 41 есірткіге қатысты құқықбұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде синтетикалық есірткі — мефедрон мен альфа-ПВП заттары бар. Сондай-ақ есірткіні интернет арқылы сатумен айналысқандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Дәулет Жұмаділов.
Сонымен қатар полицейлер тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған төрт бірдей фитолабораторияны жойды.
– Бұл шаралар елде жарияланған «Профилактика жылы» аясында өткізіліп жатқан ауқымды науқанның бір бөлігі. Жыл басынан бері өңірде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 71 мыңнан астам адам қамтылды. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған бір айлық акция шеңберінде өңірде 48 профилактикалық шара өтті. Жеңімпаздар Полиция департаменті атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды, –  деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив